"ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ" ЖОБАСЫМЕН ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ
Алатау ауданына қарасты "Ер Жәнібек" мешітінде "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында дін қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтердің ірге тасы қаланып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен жылдық жоспар аясында басталған жоба барысымен ауданны бас имамы Амантай Садиев танысып шықты. Құрылыс жобасы бойынша "Ер Жәнібек" мешітінде сәулетті мұнара бой көтеруде. Биіктігі 19 метр болатын мұнараның Алланың бір екендігі және елдің бірлігінің нышаны ретіндегі көрінісі болады.
Осы іске ұйытқы болып жүрген мешіт Имамы Әбілахан Ырсәлі мырзаға және демеушілік жасаған кісілерге ауданның бас имамы Амантай Садиев рахметін айтып, істеріне береке тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі