ЕРІКТІ АЗАМАТҚА ҰМРА СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен қорға ерікті қызмет атқарып жүрген Ержан Хаметовке тосын сый ретінде ұмра сертификаты табысталды.
Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы демеуші азамат көмегімен Ержан Хаметовке ұмра сертифкатын табыстап, ақ жол тіледі.
Тосын сыйды күтпеген Ержан Хаметов қатты қуанып, көз жасына ерік берді. Бас имам "Зекет және қайырымдылық" қорының мұқтаж отбасыларын қуанту үшін ауыр да сауапты қызметінде Алланың разылығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ерікті азаматтарға алғысын айтты. Алдағы жұмыс барысына сәттілік тіледі.
Ерікті азамат Ержан Хаметов демеушілік көрсеткен жомарт ағамызға және ұйымдастырушы жандарға ризашылығын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі