"ХАЛАЛ - ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алатау ауданына қарасты халал даму бағытының ұйымдастыруымен "Мырзахмет" мешітінде "Халал - шариғат талабы" атты семинар өтті.
Семинарға Алматы қаласы бойынша Халал Даму ЖШС-нің бас технологы Әселхан Сыдық аталмыш тақырыпқа байланысты жарық көрген кітапты таныстырды. Шараның ашылуына "Мырзахмет" мешіттің бас имамы Мәди Ахметов алғы сөз сөйлеп, келе жатқан құрбан айт мерекесімен құттықтады. Алатау ауданы халал даму бағытына жауапты Сұлтанбек Әуелбеков және әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Ғалия Ибраева семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі