"КӨК-ТӨБЕ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІНЕ ҰСТАЗ БЕКІТІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласы «Көк-Төбе» қайырымдылық мекемесі» жеке мекемесіне "Бәйкен" мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев ұстаз қызметіне бекітілді.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданы "Бәйкен" мешітінің бас имамы қызметін сақтай отырып, Данияр қари Жұмабаевтың «Көк-Төбе» қайырымдылық мекемесі» жеке мекемесіне ұстаз болып бекітілгенін мәлімдеді. Жеке мекемеде жоғарғы оқу орындары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері түрады. Құран жаттау курстарынан бөлек, салауатты өмір салтын, рухани адамгершілік негіздерін дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімдерін ояту, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үндеу және діни экстремизмге қарсы тұру қабілетін қалыптастыру сынды дәрістер жүргізіледі. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы Данияр қари Жұмабаевты шәкірттерге таныстырып, болашақта осы мекемеден көптеген қарилар шығатынына сенім білдірді. Жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі