КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫН АШУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында көне түркі тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуды қолға алу керектігін тапсырған болатын.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы аталмыш тапсырмаға сәйкес көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген бабалар кітаптарын оқуға арналған курстар ашуды қолға алу керектігін айтты. Қала бойынша Алматы Орталық мешіті мен сегіз аудандық мешіттер, атап айтсақ «Бәйкен», «Омар ибн Әл-Хаттаб», «Төле би», «Әл-Мадина», «Әбу Бәкір», «Бекет ата», «Фирали Ферғанұлы», «Ақсай» мешіттері жанынан көне түркі тіліндегі кітаптарды оқыту бойынша жұмыстану тапсырылды. «Бұл өз кезегінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатын орындауда жетекші рөл атқарары сөзсіз», - деп атап өтті бас имам.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі