«ҚҰРАН - ЖҮРЕГІМНІҢ ЖОЛБАСШЫСЫ» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ
Алатау ауданына қарасты «Алғабас» мешітінің әйел- қыздар ұйымдастыруымен «Құран - жүрегімнің жолбасшысы» атты рухани кеші өтті.
Рухани кеш Құран аяттарымен басталып, ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызының «Намаздың құндылықары» тақырыбында уағыз-насихатымен жалғасты. «Әл-Әзим» мешітінің ұстазы Венера Дастанқызы «Құран оқудың артықшылығы» жайлы уағыз айтты. Сонымен қатар Құранның 30-шы парасын жаттаған шәкіртке Құран - ертеңіне нұрлы тәж болсын деген ниетпен сертификат пен бағалы сыйлық табысталды. Рухани кеште «Рахман, иа Рахман» атты иләһи әні орындалып, Аллаға арналған мадақ өлеңімен жалғасын тапты. Келген қонақтар арасында Пайғамбарымыздың сүннетін жаңартуға байланысыты түрлі ойындар ойнатылып сыйлықтар таратылды.
Рухани кешті өткізудегі мақсат шәкіртердің Құранға махаббатын ашып, маңыздылығын түсіндіріп, Алланың көрсеткен ізгі жолына бағыттау.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі