«НҰРЛЫ» МЕШІТІНДЕ САУАТ АШУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «Нұрлы» мешітінде діни сауат ашу курстары басталды.
«Нұрлы» мешітінің бас имамы Қасым Әшімов ұстаздық ететін шәкірттер тобы Құран әліппесінен бастап діни сауат ашуға ықылас танытқан. Білім іздеу жас ерекшелігіне қарамайды деген жамағат күнде келіп, дәрістерге мұқият қатысуда. Мешіттің бас имамы Қасым Әшімовтың айтуынша Құран оқып үйренуге ниетті жамағат күн санап көбеюде. Осыған орай кесте құрылып, сабақтар басталғанын хабарлайды. Алла жар болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі