МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен, қала имамдарының атсалысуымен Алматы қаласында біршама қайырымдық шаралары өтті.
Атап айтқанда "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы аясында қала имамы Төлеби Дәділұлы Тұрсынғалиқызы Ақеркенің отасы мен еміне 500 000 теңге қаржылай көмек берілді. Және “Өмірді сүй” мүгедектер қоғамына дастархан жайылып, 200 000 теңге сертификаты табысталды.
“Әбу-Ханифа" медресесінің 1-ші курс шәкірті Айтқұрман Шакенұлына 100 000 теңге қаржылай көмек берілді. «Шаңырақ әлеуметтік қызмет орталығын» зиярат етіп сондағы Иванова Анастасия апамызға жүруге көмектесуші (ходунок) және балдақ тіреуішін сыйға тартты. “Шапағат” әлеуметік қызмет орталығындағы балаларға дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді. Мүмкіндігі шектеулі Исмаилова Рабиға апамызға қаржылай және Карабеков Тимур бауырымыздың үйіне азық-түлік берілді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі