ҚМДБ: «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы жарық көрді (ФОТО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:49

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:18 05:34 11:49 16:06 17:56 19:12
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024

Жаңалықтар

ҚМДБ: «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы жарық көрді (ФОТО)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімұлы, Әділ Ахметов, Бақытжан Ертаев, Ғарифолла Есім, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Діни басқарманың бөлім басшылары мен облыс имамдары қатысты.

Игі іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, Бас мүфти жиынға қатысушыларға ізгі тілегі мен алғысын білдірді. Наурызбай қажы Тағанұлы ихсанның бақытын иманнан іздеген жұртымыздың жүрегіне жақын ілім екенін айта келіп: «Ихсан ілімі әуелі пенденің Аллаға деген бойсұнуынан басталады. Адам баласының Аллаға деген ихсаны: алдымен иман келтіру, бұйырған амалдарын орындау, барлық тыйым салған нәрселерден аулақ болу, ізгі амалдарды арттыру. Құранда: «Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер деп сендерге (осылайша) насихат береді», – деп баяндалған («Нахл» сүресі, 90-аят). Осы аят еліміздегі мұсылман қауымының жүрегіне жетіп, ғибрат алар деген үміттеміз» деді.

ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде жаңа кітаптың жаңашылдығына тоқталып, осы кітапты шығаруға ыждаһаттылықпен үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

«Бұл кітаптан әрбір адамға аса қажет ықылас, ниет, ыждаһат, тұрақтылық, тиянақтылық, Аллаға, Құранға, Пайғамбарға деген махаббат, нәпсімен күресу жолдары, жүрек дертінен арылу, рух тазалығы, тіл тазалығы сынды көркем мінезді қалыптастыратын сипаттарды тұлабойымызға сіңіру қажеттігін түсінеміз. Сонымен қатар, ата-ана, бала-шаға, көрші-қолаң, ағайын-туыс, айналадағы адамдардың ақысы жайлы құнды насихаттар жазылып, жаман әдеттерден арылудың жолдары көрсетілді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиынның құрметті қонақтары да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді.

Айта кетейік, «Ихсан – тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде 10 пәтуа қабылданды (ФОТО)
Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде 10 пәтуа қабылданды. Бұл туралы кеңес хатшысы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров хабарлады....
Ақтөбе: Бас имам «Нұр Ғасыр» ұжымымен танысты
ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Ақтөбе облысына бас имам болып тағайындалған Серікжан Еншібайұлыорталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жиналыс өткізіп, ұжыммен танысты.
Ақтөбе облысына Бас имам тағайындалды
Қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ Ақтөбе облысының бас имамы болып Серікжан Еншібайұлы тағайындалды.
Бас мүфти мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары кезінде Өскемен және Семей қалаларын жалғайтын жол бойындағы мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады....
ҚМДБ Төрағасы Өскеменде заманауи мешіттің құрылыс жобасымен танысты (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласында салынып жатқан заманауи жаңа мешіттің құрылыс жобасымен танысты.
Ғұламалар кеңесінде «Ғибадат тұтқасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті (ФОТО)
Өскемен қаласында өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінде «Ғибадат тұтқасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:49

Екінтіге дейін 03:34

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi