«ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙ!» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ
ҚМДБ əйел-қыздар секторы Алматы өкілдігіне қарасты Алатау ауданы мешіттері «Қош келдің, Қасиетті үш ай!» атты рухани кеш өткізді.
Рухани кеш Құран тіләуәтімен ашылып, ҚМДБ əйел-қыздар секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызының келген қонақтарға Рамазанға дайындық жайлы сөз сөйлеуімен басталды.
«Ережеп айы несімен қасиетті?» тақырыбында «Заря-Восток» мешітінің ұстазы Лейла Раязқызы, «Шарапаты мол-Шағбан айы» тақырыбында «Әл-Әзим» мешітінің ұстазы Төлеужан Мұратқызы және «Рамазан – кешірім және мол мүмкіндік айы» тақырыбында «Мырзахмет» мешітінің ұстазы Маржан Оразанбайқызы уағыз-насихаттар айтты.
Рухани кеш уағыз-насихатпен шектелмей «Пайғамбарға сағыныш» атты иләһи әні орындалып, келген қонақтарға қасиетті үш айларға қатысты сұрақтар қойылып, сыйлықтар таратылды.
Бұл кешке исламды жаңадан қабылдаған мұсылман бауырларымыз да қонақ болып, сыйлықтар және діни рухани азық алып қайтты.
Гүлмира Ілесбайқызы еңбегі мол ұстаздарға және үздік шәкірттерге қаржылай сертификаттар табыстап, алғысын білдірді.
Рухани кешті өткізудегі басты мақсат шәкірттерді Рамазанға дайындап, Ережеп айы мен Шағбан айында жасалатын ізгі амалдарды үйрету.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі