ҚҰРБАН АЙТ - 2022: БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қалалық №1 балалар үйіне барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Алматы қаласы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұыймдастыруымен игі шара барысында наиб мүфти құрбан айттың артықшылығы жайлы, бұл мейрамның қадір қасиетін балаларға түсіндіріп, өз қолымен “Құрбан айт” сыйлығын табыстады. Өз кезегінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы балаларды мерекемен құттықтап, тәрбиеленушілердің болашағы жарқын болсын деп дұға жасады.
Балалар үйіндегі бүлдіршіндер келген қонақтарға алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. Көркемай есімді қыз ерекше ықыласпен алғыс білдіріп, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жырын айтты. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен құрбан айтта ерекше мейрам екенін сезінді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі