«ВАЙНАХ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай "Рамазан қоржыны" атты қайырымдылық шарасы өтті.
Жетісу ауданына қарасты «Вайнах» мешіттің бас имамы Шейх Мухаммад Хусайн Алсабеков қажының ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларға Рамазан айының құрметіне азық-түлік себеттері таратылды. Бұл шарада жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік себеттері дайындалып таратылды. Шараға Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Қарашбайұлы қатысып, ұйымдастырушы жамағат пен келген отбасыларды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, дұға жасап, ыстық лебізін білдірді. Қайырымдылыққа қаржылай көмек көрсеткен «Вайнах» мешітінің жамағаты. Қасиетті айда Алла сауаптардан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі