САУАТ АШУ КУРСТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сауат ашу курсын оқуды бастаған қала мешіттерінің жай-күйімен танысты.
Естеріңізге сала кетсек Алматы қаласы бойынша мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курстарына тіркелу басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда қаланың 52 мешітінде 1000-нан аса балалар тіркеліп жазғы сауат ашу курсының оқу бағдарламасы басталып кетті. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы мен Орталық мешіттің бас ұстазы Талғат Сапанов мешіттердегі оқу үрдісінің тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Жазғы сауат ашу курстарының ортақ бағдарламасы Құран әліппесі, Дәстүрім діңгегім, Әдеп сабақтары, Исламдағы 100-сұрақ, Мұсылманның 40 парызы сынды мұсылманша бағыт-бағдар болса, демалыс күндері қаланың көрікті, тарихи жерлеріне саяхаттар ұйымдастырылады.
Бас имам мұсылманша алғашқы әліппе ұстаған балаларға тәтті балмұздақтар таратып, алдағы сабақ барысына сәттілік тілеп бата жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі