"СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті бағытта жұмыс жоспарына сай Түрксіб ауданына қарасты жстар ісі секторының ұйымдастыруымен футбол өткізілді.
"Спорт - денсаулық кепілі" акциясы аясында ұйымдастырылған доп қууда 16-35 жас аралығындағы аудан жастары өзара бақ сынасты. "Бүгінгі қазақ жастары ертеңгі ел келешегі, ендеше болашақты бүгіннен бастау керек" деген ұранмен ұйымшыл жастар бастамасына ауданның бас имамы Ержан Үсенханұлы арнайы келіп, ойын басында күш-жігерлерін ынталандыру мақсатында насихат айтты. Тембіл доп ойынының соңында жеңімпаздарды құттықтап, ақжарма тілегін жаудырды. Салауатты өмір салтын ұстанған аудан жастары ізгі бастама алда жалғасын табуына және зор үлес қосуға, спортты дамытуға бел буысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі