ЖӘРМЕҢКЕДЕН ТҮСКЕН ҚАРАЖАТ МҰҚТАЖҒА БЕРІЛДІ
Алматы қаласы өкілдігі мен "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен Орталық мешіт пен қаланың бірқатар мешіттерінде өткізілген жәрмеңкеден түскен қаражат Гүлжазира Бөбетаеваның еміне жұмсауына табысталды.
Қала мешіттерінде жомарт жұма қайырымдылық шарасы аясында “Сатып алда сауап ал” атты жәрмеңкесі өткен болатын. Бұл жәрмеңкенің мақсаты зат сатып алу арқылы сатып алушының қаражаты мешіттен көмек сұрап келген мұқтаж жандарға садақаға жұмсалады. Сондай көмек сұраған жандардың бірі Гүлжазира Бөбетаеваның науқасына байланысты ем алуға жомарт жандар көмегімен қаражат жинау болатын. Жәрмеңкеден түскен 500 000 теңге қайрымдылық қаражатын Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы табыстап, Алладан дертіне шипа сұрап, алдағы болатын отасына сәттілік тіледі.
Барша қайырымды жандарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі