ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Алматы қаласының бас Имам Төлеби Дәділұлының бастамасымен ҚМДБ бекіткен 7 жұмыс бағыты бойынша Алатау аудандық мешіттері жарты жылдық жұмыс жоспарын пысықтады.
Дінмұхамед Қонаев мешітінде Алатау аудандық мешіттеріндегі "Зекет және қайырымдылық", діни оңалту, діни сауат ашу мен уағыз насихат сияқты арнайы жұмыс бағыттары жүктелген қызметкерлер есебі тыңдалып, алдағы жоспарлар сараланды. Кездесу барысында ауданның бас имамы Амантай Садиев дін қызметкерлерінің жұмыстарын бағалап, алдағы уақытқа атқарылар істерге сәттілік тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі