ЖАС ОТБАСЫЛАРЫНА АРНАЙЫ СЕМИНАРЛАР ӨТКІЗІЛМЕК
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында ізгі қоғамның негізі болып саналатын отбасы мәселелеріне жіті көңіл аудару қажеттілігін назарға алған болатын.
Осы орайда Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстыру жиынында «Ажырасу – Алла сүймейтін іс», «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» т.б тақырыптарда қаланың барлық мешіттерінде жас отбасыларға насихат ретінде арнайы тренингтер, көшпелі семинарлар өткізуді тапсырды. Сондай-ақ мүфтият жоспары негізінде «Дін мен дәстүр» І,ІІ кітабы бойынша жамағат арасында сайыстар ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі