ЖЕТІСУ АУДАНЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Жетісу аудандық мешіттерінде қайырымдылық шараларына қатысып, "Ислам - ынтымақ пен бірлік діні" тақырыбында уағыз айтты.
Жетісу аудандық "Әл-Мадина" мешітінің дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан бойынша көмекке мұқтаж 250 отбасыға "Рамазан қоржыны" үлестірілді. Сонымен бірге "Рамазан сыйы" ретінде 50 дана азық-түлік салынған қораптар "Әбу-Ханифа" медресе-колледжіне табысталып, қосымша шәкірттерге 500 000 теңге қаржылай көмек берілді. Қайырымдылық қаражат құны 3 000 000 теңге көлемін құрайды. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Жетісу аудандық мешіт жамағатымен кездесіп бірлік-береке жайлы уағыз айтты. Шара соңында ел бірлігі мен тыныштығы үшін бата жасалып, қайырымдылыққа демеу болған азаматтарға алғыс айтылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі