ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ Ramadan-LIFE СЕНБІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және қаланың барлық мешіт қызметкерлері "Тазалық иманның жартысы" деген атпен сенбілікке қатысты.
Нұр-Мүбарак университетінің ұйымдастыруымен Алатау ауданы әкімдігі және Білім-Қазына қоғамдық қорының қолдауымен қаланың "Нұркент" шағын ауданында Ramadan-LIFE атты сенбілік шарасы өтті. Тазалық жұмыстарына қаланың барлық мешітінің имамдары мен қызметкерлері қатысты. Аулалар мен көше бойы жиылған қоқыстан тазартылды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей имамдар мен студенттер бірлесе атқарған сенбілік тазалық жұмыстарына "Нұркент" ықшам ауданының тұрғындары алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі