ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ДІНИ (ИСЛАМДЫҚ) ФАКТОР
Ислам факторының ықпалы радикализм, экстремизм және терроризм ұғымдарының соңғы онжылдықтарда Ислам терминімен халықаралық тексиконға тұрақты түрде енуіне алып келді. Ф.Фукуяманың «Тарихтың ақыры» және С.Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» негізінде әртүрлі құрылымдардың салынуын тудыратын діни фактор үнемі артып келеді. Осылайша, американдық саясаттанушы Ф.Фукуяма Батыс пен Батыстық идеясының айқын үстемдік құруын туралы «ең алдымен батыс либерализміне барлық альтернативалардың толық күйреуінен», – деп мәлімдейді.
Мұсылман әлемі өзінің саяси институттарын құруда, оның әлемдік тәртіп тұжырымдамасы исламдық канондарды ескеруде. Мұндай ұйымдардың қатарына 56 мұсылман мемлекетін біріктірген Ислам Конференциясы Ұйымы, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ЮНЕСКО аналогы), Халықаралық Қызыл Ай Ислам комиссиясы, Ислам даму банкі кіреді. Соңғы онжылдықтарда біз Исламның саясилану процесіне куәгер болудамыз. Көптеген сарапшылар бұл процестің негізгі себебі немесе қозғаушы күші ретінде жаһандануды атайды. Алайда, бұл жалғыз себеп болуы мүмкін емес және мұнда халықаралық және ішкі факторлардың әсері орын алады.
Негізгі халықаралық фактор ретінде күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан араб-израиль қақтығысын атауға болады. Мұсылман әлемінің бірігуінің негізінің бірі болып осы фактор қала береді. Ішкі факторлар ілімнің табиғатымен байланысты, оның мәні исламның саясатпен, мәдениетпен, экономикамен және қоғамның басқа да аспектілерімен бірлігінде жатыр, бұл өз кезегінде оның мұсылман елдеріндегі рөлін белсендіруге ықпал етеді. Ислам – кез келген мұсылманның өмір салты. Таралу процестері исламның басқа елдерге жайылуына ықпал етеді және оның әмбебаптық феномені одан әрі де танымалдылыққа ие болады. Радикалдар осы бір жағдайларды шебер пайдалана отырып, ислам әлемін бүкіл әлем қауымдастығына қарсы қоюда, тіпті «жаңа халифат» деп аталатын мемлекет құруды түпкі мақсат деп жариялауда.
Қазіргі уақытта «жаңа халифат» құру идеясы көптеген шығыстанушы ғалымдардың, әсіресе ислам діні мамандарының назарында. Ғалымдар бұл идеяны мұсылман елдерінде әртүрлі қабылдайтынын атап өтуде. Араб әлемі «жаңа халифат» кезеңін әділ халифалар басқарған ерте халифат кезеңін атайды; Иран үшін бұл Аббаси халифатының мемлекеті болса, Түркия үшін Осман империясы дәуіріндегі халифат кезеңі екендігін алға тартуда. Ауғанстандағы Талибан ұйымының негізгі мақсаты барлық мұсылман елдерін біртұтас Ислам халифатына біріктіру болды. Сонымен бірге олар Ауғанстанды осы мемлекеттің орталығы деп есептеді. Тіпті тәліптер шығара бастаған журналдың аты «Халифат» деп аталды. Онда олар Ауғанстанда әмірлік құру халифат құру жолындағы алғашқы қадам деген идеяны алға тартты. Сонымен қатар, бұл мәселені шешуді де радикалды исламистердің арман-ниетін қатыгезді түрде шындыққа айналдыруға тырысқан ДАИШ болды.
Діни радикализмнің экстремизм мен терроризмнің қайнар көзі ретінде таралу проблемасы бүгінгі таңда жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы халықаралық қоғамдастық үшін де өзекті болып отыр. Радикалды діни идеологияның ықпалымен жасалған лаңкестік әрекеттер санының айтарлықтай артуы және соның салдары ретінде мұндай әрекеттерден келген шығынның айтарлықтай артуы осының айқын айғағы. Осындай жағдайда әртүрлі мемлекеттердің діни экстремизмге қарсы тұру және халықаралық қоғамды осы бағытта топтастыру бойынша күш-жігерін зерделеу қажет. Мұндай зерттеулердің нәтижелері практикалық ұсыныстарды әзірлеу, қолданылатын шаралардың тиімділігін арттырудағы табысты шетелдік тәжірибені бейімдеу үшін пайдалы.
Асанов Бахрам
Алатау ауданы
"Нұр" мешітінің наиб имамы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.