БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ САЛАФИЛІК ИДЕЯЛОГИЯСЫ
Салафилікті, Әфғани-Абдуһ мектебінің Аср-ы Саадетке және Салаф нәсіліне басымдылық жасаған, бірақ модернистік көзқараста болғандығы үшін тұтастай бөлек қарастырылып, классикалық Әһли Хадис-Ханбалия-Уахабия жолының жалғасы ретінде қарастырылуы қажет.
Салафия аты бұл жолдан келген топты сипаттау үшін 20-ғасырда қолданысқа енген термин болған. Соңғы екі ғасырда үш бөлек Сауд Арабияның негізін қалаған идеологиясы болған Салафилік, тек қана осы мемлекетте Уахабилік атымен дамыған бір діни ағым ретінде қалған жоқ. Оның негізі Сауд Арабиясында қаланғанымен, дәстүрлі Аһли Сүннеттің ізбасарлары ХХ ғасырда Мысыр, Пәкістан, Индонезия секілді елдерде түрлі діни/мәзхаптық ортада қуатты ұйымдарды қалыптастыра алды.
Сауд Арабияның 1970-жылдарда әлемге ашылуы, Таяу Шығыс және бүкіл әлемдегі ең маңызды экономикалық және саяси күштердің бірі болғанымен қатар, Ислам әлемінде жабық, тар кеңістікте іс-әрекеттерін жүргізген Салафилер дамып келе жатқан байланыс құралдары мен кең ауқымды экономикалық мүмкіндіктердің көмегімен Исламдық идеология мен саясатында маңызы бар позицияға орнықты.
Бұл жағдай «хадистерге» негізделмеген, бірақ фикых/медресе яки болмаса сопылыққа бағытталған немесе мәдени және саяси іс-әрекеттерді жүргізген қазіргі таңдағы Ислами қозғалыстар мен Салафилердің қарқынды өзара әрекеттесуін қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Сауд Арабия тенденциялы Салафилік бір жағынан бұл қозғалыстарға жаһандық масштабта әсер етті, екінші жағынан кей жерлерде өзі де басқалардың ықпалында қалды. Бұл ықпалда қалу процесі барысында Салафилік өзгеруде, бұл өзгерулер 1990 жылдармен бірге тереңдей бастады. Идеологиялық және топтық жағынан өз арасында қарама-қайшылықтар дәстүрлі сенім мен тәжірибелердің көп тұсында келісімге келген «Салафиялардың» құрылуының негізін қалады.
Салафи-Уахаби мазхабы бойынша иман тасдиқ, икрар және амал болып табылады. Артады және азаяды. Алланың затына және бүкіл сипаттарына Құран мен хадистерде баяндалғаны бойынша сену керек. Муташабих аяттары мен хабари сипаттарды тәуил жасау жаиз емес. Таухидтің рубубият, улухият және амалмен байланысты өлшемдері бар. Алланың бірілігі тасдиқ етілгенде бүкіл осы өлшемдердің барлығы еш кемшіліксіз болуы тиіс. Осыған байланысты ойы мен амалы жағынан әлсіз болған адам серік қосқан болып саналады, күпірлікке кіріп, кәпір саланады. Үлкен күнәларды жасаған адам да кәпір болады. Серік қосу мен күпірлік қандай да бір себеппен болмасын төзімділікпен қаралмайды. Мұсылмандардан пайда болды деп ширк пен күпірлік үкімін беруді созу немесе бұл мәселеде кейбір ақылға қонымды ойлармен әлсіз көрсету Иржа мағынасына келеді. Бұл жағдай да бидғатшы Муржия фырқасының бір тәжірибесі және одан аулақ болу керек. Әл-уалә, яғни мұсылмандармен дос болу және әл-бәра, яғни имансыздардан ұзақтау және оларға дұшпан екендігіңді көрсету ақидалық негіздерінің арасында ең негізгілерінен болып саналады.
Салафилер өздерін Әхли-Сүннеттің жалғыз өкілдері ретінде санайды. Әл-фырқатун-нажия (құтқарылуға ерген топ), әхлул-истиқама (тура жолды ұстанушылар) немесе әт-таифатул-мансура (иләхи жәрдемге лайық болған топ) секілді есімдермен өздерін атауға тырысты. Осы қасиеттерімен Әхли Хадис-Салафия, тіпті Исламдық идеологиясы шеңберінде әрқашан консервативті жағын ұстанады. Ақылға қарсы нақылшылдық, тар қалып ішінде қалған идея құрылымы, қатаң ұстанымына байланысты Ахли-Рай шеңберіндегі Ханафилік секілді мазхаппен салыстырмалы түрде үлкен қиындыққа тап болды.
Ширкке жол бергендіктен кесене салу мен мазараттарға зияраттарды харам және бидғат ретінде санады. Өлген бір шейхпен байланысты құру мағынасындағы рабыта, одан жәрдем сұрау мағынасындағы истимдад, истиғаса секілді сопылықтағы кейбір амалдар улухият таухидіне зарар беретіндігі үшін қатты сыналған болатын. Әсіресе Шиғалар, кесенелерді аса қатты ұлықтағандары (тағзым етіп), имамдарына мақсұмдық (күнәсіз) сипат бергендері, алғашқы үш халифа мен кейбір сахабаларды жамандағандықтары үшін ширк және күпірлікпен айыптаған.
Шәмен Бақытнұр
Алатау ауданы
"Аманқұл ата" мешітінің наиб имамы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.