ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ БАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ БАР

| A | +

Дін мен дәстүр екі бөлек пе?

Жаратушы Алла тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлыстарға, ру-тайпаларға бөлдік. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуа болғандарың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы». (Хужурат сүресі, 13-аят) Алла тағала бұл аятта «... бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлыстарға бөлдік ...» деп тұр. Ұлттар өзара бірін-бірі қалай таниды? Олар бір-бірін ерекшеліктері мен құндылықтары арқылы таниды. Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

  • Дәстүрдің (ғұрыптың) ислам фиқһ саласындағы орны

Ислам шариғатының негізгі қайнар көздері – Құран Кәрім, Сүннет, ижмағ және қияс. Ислам ғұламалары бұларды бір ауыздан шариғаттың дерек көздері ретінде қабыл еткен. Бұлардан бөлек ғалымдардың кейбіреулері келіспейтін бірқатар дереккөздер де бар. Олар – мәсілихал-мурсала, ихсан, әдет-ғұрып және алдыңғыларының шариғаты сияқты дереккөздер. Ислам пайда болған күннен бастап фиқһ және фиқһ әдістерінде әдет-ғұрыптың маңызы өте зор. Ғалымдардың әдет-ғұрыпқа қатысты пікірлері әрі қызығушылығы шариғатта дәлел болатыны және бұл оның позициясы тұрғысынан да маңызды. Ескерілуі қажет болған әдет-ғұрыптың ең маңызды ерекшелігі, ислам заңдарының беделін және жарамдылығын қамтамасыз етуінде. Осы себептен де, әдет-ғұрып ислам шариғатында бір дәлел ретінде қабыл етілген. Мысалы, Имам Малик өзінің пәтуаларында Мадина халқының әдет-ғұрыптарына көп сүйенетін. Ал, ханафи мазхабында Әбу Ханифаның пәтуасына оның шәкірттерінің пәтуалары бір қарағанда қайшы келетін тұстары болды. Оның сыры Әбу Ханифа өз заманының әдет-ғұрпына ал, шәкірттері өз заманының ғұрпына сүйенді. Мәселен, Әбу Ханифа куәлік мәселесінде жаза және кек алу мәселесінен басқа жағдайда куәлардың сырты әділдігімен шектелді. Өйткені, хадисте: «Мұсылмандар бір-біріне тең»,-деген сөзін басшылыққа алды. Бұл үкім сол заманға сай болды. Өйткені, қоғамның басым бөлігін ізгі адамдар құрады.

Діннің озығын қалай білеміз, тозығын қалай танимыз?!

Ақ пен қараны ажырата білген бабаларымыз жақсыны алып, жаманын тастап, уақыт пен ұлттық иммунитет сүзгісінен өткізіп, осы уақытқа дейін ғасырлар бойы саралап ең тиімдісін жастардың бойына сіңіріп, болашаққа мұра етіп отырған. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Бірақ кейбір салттардың шығу тарихы беймәлім және қоғамға аса бір пайдасы жоқ, қала берсе әлеуметтік тұрғыдан қиындау салттар да бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. «Той Құдайдың қазынасы» деп той жасаудан жарысып жатады. Көбіне көп тойлар қарызға барып жасалады. Мұның халыққа керегі бар ма? Дүркіретіп той өткізіп, артынан жоқшылық көріп отырудың не керегі бар? Көрпеңе қарай көсіл демекші, жасау керек боп тұрса шағын ғана етіп жасап, ертеңгі де күнді ойлаған дұрыс емес пе? Ал, енді қазақтың көптеген өнегелік және тәрбиелік мазмұнға ие керемет салт-дәстүрлері бар. Мұндай әдет-ғұрыпты жастарға насихаттау сіз бен біздің міндетіміз. Біз діни тұрғыдан, ал тіл мен этнография мамандары ол салттардың шығу тарихы мен мұрат-мақсатын жіті түсіндіру керек. Әйтпесе, ауылдан алыс өскен немесе қазақи ортадан оқшауланып өскен жастар түсінбегендіктен әдет-ғұрыпқа шекесімен қарауы мүмкін.

  • Дәстүр мен діннің қоғамдағы миссиясы қандай?

«Келіңдер, Алла тыйым салған нәрселерді оқып берейін, – де, Аллаға ешнәрсені теңдестірмеңдер, ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Кедейлікті күйттеп, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларға да, сендерге де ризық береміз. Ашық түрде болсын, жасырын болсын – жаман қылыққа жуымаңдар. Аллаһтың әміріне қиянат жасап, нақақ адам өлтірмеңдер...» Әнғам сүресі 151; «Зинаға жуымаңдар, себебі ол – анық азғындық, өте жаман жол» Исра сүресі; «Көздерің жетпеген нәрсені (біреудің кемшіліктерін) тіміскілемеңдер» Исра сүресі;  «Кеуде керіп өркөкірекке салынба»; «Аллаһ зинаға, жаман әрекеттерге, азғындыққа тыйым салады», – деген Алланың мұсылман қауымына бұйрықтары көп. Осылайша Алла Расулы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранның басшылығымен қоғамда түсінбеушілік тудыратын іс-әрекеттерді жойып, бәрі бір-бірімен тең, әрі бауыр саналатын, ауқаттылары кедейлерін қамқорлығына алып, жәрдемдесетін, бір-бірінің ақысын жемейтін қоғам құрды. Бұл қоғамның негізгі мақсаты – салиқалы, игілікті, ізгі амалдар жасап, әділеттілікті орнату және жамандықты жою. Қазақтың шоқ жұлдызы Ш. Уәлиханов этнограф ғалымымыздың дәстүрдің, ата сөзінің маңыздылығы туралы  айтқан сөзі қазақ қоғамындағы маңыздылығы мен миссиясын көрсетеді: Қазақтың кең даласында бір түрмесі болмаған қоғамда жұртбұзар адамы мен жастарын ақсақалдар мен билердің бір сөзімен тиып, жөндеп отырған. Ұлттық сана дегеніміздің өзі де әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған орай Қазақтың көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбаев айтқандай, «дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар». Ендеше оның бойындағы қазір қол байлау болатындай қасиеттерді жағдайға ыңғайлап жетілдіріп, ал бұрын жасампаздығын жағдай болмағандықтан таныта алмай келген жақсы қасиеті мен тәрбиелік мәні бар дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып, жарқыратып аша түсуді қолға алған жөн деген ойдамыз.  Дәстүрдің озығы мен тозығы деген осы шығар, бәлкім, тозығы дегеніміз жойылуы емес, қайта жаңғырып қолдануы шығар..?!

  • Дін мен ділді даму жолына жаратсақ ...?!

Дін мен ділдің біртұтастығы халықтың рухани саулығын қамтамасыз ететін үлкен күш. Дін адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, Хақтың разылығына бастайтын ереже-қағидаларды қамтыған иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, діл – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрін, ментилитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіреді. Бүгінгі күні дін жанашырларының алдында тұрған міндет – осы екеуінің біріккен тұсын таба біліп, халыққа діннің де, дәстүрдің де ортақ тіл табысатын игіліктерін ашып көрсету болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылы халыққа Жолдауындағы мына сөздері мысал бола алады: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек» дегені өзекті мәселе.    

Ал Ақмолла ақын:

«Жарар еді өзімізді қарасақ біз,

Ғылымның керегіне жарасақ біз.

Ғылымды ғибадатқа ат қылып мініп,

Көбірек тәпсір, хадис қарасақ біз», - деп хадистерді оқуға, ғылым үйренуге шақырған.

Сөз соңы ғасырлар бойы қалыптасып, халқымыздың жүрегіне бекіген ислам сенімі мен тамыры терең дәстүрдің егемендігіміздің нығаю мен еліміздің дамуына қосар үлесі көп. Бұл екі үлкен күштің тамыры жоқ таяз тұжырымдар мен сыртқы әсерлермен шайқалмасы анық

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құран Кәрім
  2. Хадис - ғұрпымыз, cүннет – салтымыз. Ш.Әділбаева
  3. Дін мен Діл. Қ.Жолдыбайұлы
  4. Ана тілі электронды журналы.
  5. Қазақ энциклопедиясы, 7-том
  6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша.  Е. Арын
  7. Фәтуа.кз

 

"Ибраһим" мешітінің бас имамы

Ермек Көкірекбаев

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ? ҚАЖЫЛЫҚ - ҚАСИЕТТІ САПАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себе...
Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИШАНДАР МЕН АХУНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Қазақ жұртының рухани саладағы әрлі-берлі тарихына зер салсақ, небір діни қайраткерлердің қажырлы еңбектеріне қайран қаларсыз. Мешіт ұстау, шәкірт тәрбиелеу, кітап жазу, ел іргесін бекіту, бірлік-ынтымағын арттыру, халық арасында имандылық, әділдік, тазалық пен пәктік құндылықтарын жан-жақты насихат...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ислам діні үш негізге негізделген: Иман, Ислам және Ихсан. Мұндағы «иман» иманның жиынтығы (бес тірек); «Ислам» – діни үкімдер мен тыйымдарды орындау; «Ихсан» – Құранның барлық үкімдеріне риясыз берілу, иман негіздерін еш күмәнсіз толық қабылдау....
Қоғам КЕШІРІМШІЛ БОЛУ - АСЫЛ ҚАСИЕТ
Ислам дінінде Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірім мұсылмандар арасын жарастырады, жамандықтың алдын алады. Кекшілдік қастыққа жол ашса, кешірім қасты досқа айналдырады....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ
Жаратушымыз күллі адамзатқа Өзінің тура жолын көрсету үшін Ислам дінін тарту етті. Өзінің Кәләм Шәрифінде және Елшілерінің нұсқаған тура бағыт-бағдарында біздерге әр кез дұрыс діни сенімде болуды және Өзіне еш серік қоспауды бұйырды....
Дін мен дәстүр МӘҺІР НЕМЕСЕ ҚАЛЫҢДЫҚ СЫЙЫ
Достар, назарларыңызға Мүфтият қабылдаған пәтуаның ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмын. Мәһірдің мәнін ұққан жастар ортақ байламға келеді деген үміттемін...
Дін мен дәстүр ӘДЕТ - ҒҰРЫП
Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері....
Дін мен дәстүр АСАР - АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ САЛТ
Діні мен дәстүрін сабақтастырып, әлмисақтан бері мұсылман болған қазақ халқы да өзара жәрдемдесіп, жақсылық жасауда иық тіресіп бірлесе көптеген шараларды атқарған. Олардың бастыларының бірі – асар болып табылады....
Дін мен дәстүр НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын! Алла тағала қазақ еліне, жеріне ырыс-несібесін жаудырсын, ақ мол болсын!
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмір шеңберіндегі әр кезеңінің сан түрлі тәртіптері мен үйлесімді үрдістерден тұратын танымдық мектеп. Әр ұлттың тәрбесі мен дәстүрі сол елдің діни наным-сенімі негізінде қалыптасатын табиғи көрініс....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:40

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi