ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

| A | +

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады. Пайғамбарымыз: «Жәннат әйелдерінің ханшайымы болуға ризасың ба?» деп айтқаны бар. Осылайша, қызына беріп жатқан тәлім-тәрбиенің сырын түсіндіргендей еді. Әкесінің өнегелі тәрбиесін бойына сіңіріп өскен Фатима анамыз күйеуі Әлиге адал жар, қос батыр Хасан мен Хусейінді тәрбиелеп өсірген ардақты ана болған.

Муслим хадис кітабында, сахаба Әнас (р.а.) жеткізген мынадай риуаят бар. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Кімде-кім екі қызға бойжеткенше қамқорлық етсе, қиямет күні ол адам және мен бірге боламыз» деген. Хадистегі екі қыз – кісінің қыздары немесе әпке-қарындастары болуы мүмкін. Ал, қамқорлық – материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие беруді қамтиды. Осы тақырып аясында бірқатар хадистер бар. Аталмыш риуаяттарда бір қызға болсын жақсы тәрбие беру ауыр да сындарлы шақ саналатын қияметте пайғамбар жанында тұру шарапаты бұйыратындығы айтылады. Әз-пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұндай үлкен мәртебені неліктен уәде етуде? Неге ұл перзент тәрбиелеген әкеге осындай сауаппен сүйіншілемейді? Міне, бұл қыз тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін аңғартса керек. Қыз баласы табиғатынан нәзік әрі қамқорлыққа мұқтаж. Қызды қызыл-жасыл көйлек кидіріп қою жеткіліксіз. Нәзік гүлді баптаған сияқты ұзақ та табанды тәрбие керек. Қазақтың қыз тәрбиесіне қатысты өзіндік ерекшелікке ие тұжырымы бар. Бұл ұлттық тәрбие мектебі «Қызға қырық үйден тию» деп аталады. Аталмыш ережелер жиынтығы осы күнде де маңыздылығын жоғалтпаған өнеге.

Бүгінгі таңда, қызға барлық дүниені үйретудеміз. Ағылшын тілінен бастап, би билеуді де, математиканы да. Заман талабына сай білімнің барлығын үйретуге тырысып бағудамыз. Бірақ, ұлттық құндылық бойына сіңбесе, жағдай қиын болмақ. Ғұламалар ер азамат бойында ұяттың болуы жақсы, ал әйелде ұят қасиетінің болуы өте жақсы деген. Ұлттық тәрбие – ұят және ибалылық негізіне құрылады. Бүгінде ұятқа қарсы әрекеттер жасалуда. Ұятты әрекетті ұят деп айту «кері кету» деген ұғым қалыптастыру арқылы жас буын санасын улау байқалады. Әке қызын тәрбиелейді, ал қыз - болашақ ана. Ал ана - ұлт тәрбиешісі. М.Әуезов: «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп айтқаны осы ұғым.

Бүгінгі қыз, ертеңгі ана. Әке-шеше ретінде мойнымызда үлкен жауапкершілік барын ұмытпайық. Қызымыздың бойына ата-баба діні мен дәстүріндегі құндылықтарды сіңіріп өсіру басты міндетіміз. Өйткені, ұлттық рухсыз адам бос кеуде. Қанша білім алса да еліне, жеріне бүйірі бұрмайды. Діні бөлек, ұлты бөлек еркектің етегінен ұстаған қара көз қазақ қыздарын білімсіз деп айта алмаймын. Ағылшынша сайрап тұр. Ешбір мұсылман ұлты қызын өзге дін өкіліне тұрмысқа бермейді. Қыз – әкенің ар-намысы.

Әбу Ханифа әкесінің оқиғасын білмейтін адам кемде-кем. Қисса, арықта ағып келе жатқан қызыл алмадан басталады. Жігіт судағы алманы тосып алып бір тістейді. Артынан сұраусыз жеуге болмайды деп, арықты жағалап алма баудың етегіне келеді. Қолында тістелген алмасы бар Сәбит бау иесі қариядан ақысын адал етуін өтінеді. Көреген ақсақал тістелген алманың ақысы үш жыл еңбек ету деп кеседі. Сәбит бұған көніп, табандай үш жыл тер төгеді. Уәделескен уақыт жеткенде, қария соңғы шартын айтады. Аяқ-қолы сал, құлағы естімейтін, көзі көрмейтін және мылқау қызына үйленуін талап етеді. Бұл өте ауыр шарт еді. Жігіт еріксіз рұқсатсыз жеген алманың жазасын тартуға көнеді. Үйге кіргенде айдай ару қыз отырған еді. Жігіт қыздың әкесіне үйде сал қыз емес мүлде басқа бойжеткен отыр дегенде, қария мән-жайды түсіндіріп: «Ол бойжеткен – менің қызым. Аяқ-қолы сал дегенім ешбір жаман жерге бармаған. Қызымды құлағы жаман сөз естімейтін, көзі жаманды көрмейтін, тілі ғайбат-өсек айтпайтын етіп тәрбиеледім», - деген екен. Қызды жылдар бойы оқытып, бірақ тәрбиесіне көз жұмып қарау, әкенің қызына жасаған ең ауыр қиянаты деп есептеймін.

Көне кітаптарда әке мен қызы туралы ой саларлық бір әңгіме баяндалады. Қыз ес білгелі әке шаңырағында өнеге көріп өседі. Әкесі қызының бойына бар ізгілікті сіңіреді. Әлі ойын баласы кезінде көршінің қызымен ойнауға барады. Әкесі мұнысын жақтырмайтын. Себебі, көрші төңірекке жаман аты шыққан кісі еді. Қызы: әке мен ол қызбен тек ойнаймын. Ол сияқты өтірік сөйлемеймін. Сіздің әр кез шыншыл бол деген сөзіңіз жадымда,-деп ақталады. Бұған әкесі жарайды деп, қора жанындағы көмір тасты алып келуді сұрайды. Әкесіне көмір тасты ұсынғанда: Қызым, қолыңа қарашы! Көмірдің күйесі қолыңа жұғып қалыпты. Міне, осылайша жаман жолдастың жүріс-тұрысы адам бойына жұғады» деп өмірлік тәлім береді. Қызымызға қалай сөйлеуді және қалай киінуді үйретуден бастап, көпшілік орында өзін ұстауға дейін тәлім беру ата-аналық парызымыз. Ұят – ер азаматтың бойында болса жақсы, ал қыз баласында ұят болса өте жақсы деп жазылған дін кітаптарында. Өйткені, ер жігіттің оғаш әрекеті ерсі көрінгенімен, қыздың титтей ұятты қылығы сияқты сынға ұшырамайды. Ал, ғұламалар: «Діні (тәлім-тәрбиесі) жоқтың, ұяты да жоқ» деген нақыл сөзі көпті аңғартады.

 

 

Алматы қаласының бас имамы

Төлеби Оспан

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛТЫН МЕН КҮМІСТІ ҚАЛАЙ САТУ ҚАЖЕТ? БҮЛІК КЕЗІНДЕГІ САХАБАЛАР САЯСАТЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДІН
Отбасы – адамның қоғамдық өмірінің ең алғашқы нысандарының бірі. Отбасылық байланыстар қоғамның қалыптасуының ең бастапқы формасы болды. Осының негізінде отбасы мен дін бір-бірімен өте тығыз байланыста, отбасы діннің негізгі әлеуметтік тасымалдаушысы болып табылады. ...
Исламдағы отбасы Ер азаматтың отбасындағы жауапкершілігі
Отбасы – қоғам тірегі. Қоғамның салауаттылығы отбасының тұрақтылығына тікелей тәуелді. Қазақ ежелден отбасы құндылықтарын ерекше қастерлеген. Дастарқан басында әке мен ұл, ата мен немере әңгімесі және ене мен келіннің байланысы үлкен тәрбиелік мектеп үлгісін бейнелейді. Дастарқан төңірегінде отбасы ...
Исламдағы отбасы Отбасы жауапкершілігі
Ислам шариғатында отбасы болу, отау құру ғибадат болып есептеледі. Шаңырақ көтеріп отбасы болғаннан кейін, сол отбасыға ер адам жауапты. Сонымен қоса діни тәлім беріп, ұрпағының иманды болып өсуіне ата-ана тікелей жауапты. Алла  Құранда былай дейді: «Әй мүміндер өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адам...
Исламдағы отбасы Отанды сүю иманнан
Отанға деген сүйіспеншілік – әр жаратылған жан үшін ойып алар орны бар айрықша ыстық сезім. Ұшқан құс, жүгірген аң, жүзген балық  болсын, туған жерден жырақта қоректеніп жүрсе де, ұрпағын жалғастыру үшін жыл сайын өз Отанына сағынышпен оралатынын байқаймыз. «Отан» деген сөздің құдіреті қандай кереме...
Исламдағы отбасы ОТБАСЫМ АЛТЫН ҚАЗЫНАМ
Ата бабамыздың «Отан отбасынан басталады» деген мағыналы сөздері әлі күнге дейін өз күштерін жоғалтпаған. Отбасы әлемінде екі жас бақытты болу үшін дана халқымыз ең әуелі қандай қызды алу керектігі немесе қандай ер азаматқа тұрмысқа шығу керектігі туралы мақал мәтелдермен әдемі жеткізген....
Исламдағы отбасы НЕКЕГЕ ЖЕҢІЛ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ
Ислам – ақылы жетіп жасы толған, мал-қаражаты көтеретін ер жігітті де, қыз баланы да шаңырақ көтеріп, отау құруға шақыратын дін. Ақ ниетті адал некемен жанұя құру ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздан  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немесе одан әрідегі Ибраһим бабамыздан ғана емес, адам атаулы...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:52

Бесінге дейін 02:16

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi