САЛАФИЛІК ТЕРМИНІНІҢ ШЫНАЙЫ ТАБИҒАТЫ
Салафилік доктринасын, белгілі бір кезеңнің қайталануы, сол кезеңнің өзгертілмей қайта жаңғыруы, белгілі бір кезеңде пайда болған өзгерістерге қарсы тұруы және бұл өзгерістерді бидғат ретінде қабылдап, тыстау ретінде анықтауға болады.
«Салаф» сөзі арабшаның ең ескі қайнар көздерінен есептелген Құран Кәрімде «өткен» мағынасында қолданылады. Бұл сөзді Салафилік ретіндегі бір терминге, мәзхаб, фырқа немесе топ аттары секілді белгілі бір өзгешелікке айналдырған құрылым болса, оның «идеология» немесе «изм» ретінде танылған бірнеше көзқарастармен бірге аталуында жатыр.
Ұстанған көзқарастардың тарихын бір нәсілден таңдалуында айырмашылық жоқ. Бұл идеологиялық бөлінушілікті қазақ тілінде «шы, ші, жы, жі» секілді жалғаулармен, арабшадағы «ия» секілді жалғаумен атауға болады. Қазақ тіліндегі исламшы, түркші, күртші, арабшы және араб тіліндегі Алауия, Османия, Зайдия, Сунния, Ханафия, Ханбалия т.с.с. мысалдарды бере аламыз. Бұл тұрғыдан тек салафи сөзі, пайғамбар кезеңін және алғашқы үш нәсілді (Сахаба, Табиғин, Табаға Табиғин) өзіне идеологиялық құрал ретінде ұстанғандар мағынасына келеді. Өздеріне бұл анықтаманы негіз ретінде қолданғандар пайғамбар кезеңінде өмір сүрген, тек өз идеологияларын сол кезеңге жатқызған. Сондықтан «Салафия» сөзінің орнына, негізінде «Салафшы» сөзін қолдану да мүмкін.
Салафилік терминінің мағынасы тарихта ұстанған әртүрлі топтар бар. Бұларды бір ғана категорияның ішіне орналастыру қиын. Сондықтан қарсы алдымызға бір емес, бірден көп салафилік шығуы да әбден мүмкін. Ең алдымен үш нәсілдің өмір сүру формасына еліктеу мағынасында және бұл түсінікті иманмен де байланыстыру арқылы жүйесін құрғандардан Харижилер мен Ахли Хадисті көрудеміз. Әсіресе Ахли Хадис, бұрыңғылары Ахлу Сунна, Ахлу Әсар, Ахлул Хадис немесе Асхабул Хадис терминдерімен анықталатын болған. Бұл терминдерді «сүннет, әсар, хадис жақтаушылары немесе хадис әһлі» ретінде қазақшаға аударуымыз мүмкін. Ахли Хадистің Хижри І ғасырдың соңына қарай еңбектер жаза бастағандары мәлім. Бұл көзқарастың ең танымал есімдерін Имам Бухари (ө. 256/869), Муслим (ө. 261/874) секілді атақты хадис имамдарымен бірге Имам Малик (ө. 179/795), Имам Шафиғи (ө. 204/819) және Ахмед б. Ханбал (ө. 241/855) секілді фыкыхшылар құрауда. Бұл есімдердің қарсы тарапында Муржия, Ахли Рай, Имам Абу Ханифа (ө. 150/767), Муғтазила немесе Матуридиялар тұрды. Кейінгі кезеңде Ибн Таймия (ө. 728/1328) мен шәкірті Ибн Кайюм әл-Жаузия (ө. 751/1350) бұл салафилік түсінікті, белгілі бір дәстүрге тиесілі етіп, белгілі бір жүйеге түсірген болатын. ХІХ ғасырдағы Ислам әлемінің саяси алаңдағы жеңілісінен кейін, мұсылмандардың жаңадан түпкі негіздеріне қайтуды насихаттаған Жамаладдин Ауғани, Мухаммед Абдух, Рашид Рыза мен Мехмет Акиф Ерсой секілді есімдерді империализмге қарсы немесе Ислам модернисттері ретінде қарастырғанымыз дұрысырақ болар.
Хадис жақтаушылары мен Муржиядан болған Ахли Райдың иманның анықтамасы мәселесінде әртүрлі ұстанымдары бар. Хадис жақтаушылары иманды: «Құлдың Алланың алдында әрдайым ояу болуы» ретінде қарастыруға тырысқанымен, мәселеге Алланың тарапынан қараған болатын. Муржия болса мәселеге құл тарапынан қарап, иманында күмәні жоқ, берік қалауы бар адамды қалыптастыру жолында болған. Бұл айырмашылық Алланың атынан сөйлеп немесе Алла үкімдерінің жер бетінде үстем болуын көздеген фырқаның; фанаттық, тар түсінікті және төзімсіздіктің пайда болуына себеп болған. Сонымен қатар, құл атынан сөйлегендер болса, толерентты, кең ойлайтын, үйлесімді бір қоғам мен Алланың әмірлерін еркін қалауға негізделген құрылымның қоғамдағы бөлігін қалыптастырды. Муржия, Ахли Рай-Ханафи мен Матуриди орталарда дамытылған бұл екінші түсінік, өкінішке орай бүгінгі күнімізге дейін жете қойған жоқ.
Ибн Таймия мен шәкірті Ибн Кайюм әл-Жаузия немесе олардың жолдарымен жүрген салафилік көзқарасты ұстанған ғалымдардың көзқарастары мен мінез-құлықтарын түсіну үшін өз кезең мен шарттарына қарау керек. Әсіресе Ибн Таймияның өмір сүрген кезеңінде Моңғолдардың шабуылдары мен оларға қарсылық көрсеткен мұсылмандардың бей-жай қатынастарын атап өтуге болады. Мұнымен қоса Шиғалықты құраған Моңғол ынтымақтастығы немесе Кербала мен Нәжафтағы Хз.Али, Хз.Хусейн мен басқа да отбасы мүшелерінің қабірлеріне көрсеткен шектен тыс тағзым мен табынатындай жағдайда сүю, бұл ғалымдарды шектен тыс реакциялыққа сүйреген деп айтуға болады.
Махадинов Нұржан Сайділдаұлы
Түрксіб ауданы
"Түрксіб" мешітінің ұстазы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.