50 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен және Мұратхан есімді жомарт жанның демеушілігімен "Пиала" мейрамханасында арнайы 50 отбасына дастархан жайылды.
Дастархан басында Алматы қаласы бойынша "Зекет және қайырымдылық" қорына жауапты маман Темірбек Пернебекұлы сауапты амалдар жасау жайында уағыз-насихат айтты. Шақырылған қонақтар ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды. Қайырымдылық шараларына ұдайы демеушілік көрсетіп жүрген азаматтардың кәсібіне береке тілеп, ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында келген қонақтар қатарындағы 50 отбасына азық-түліктер берілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі