«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» 1 000 000 ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ТАБЫСТАДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдікке қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла” қайырымдылық шарасы аясында жиналған қаражат мұқтаж жанға табысталды.
Қала мешіттерінде өткізілген «Сатып ал да сауап ал» қайырымдылық жәрмеңкесі арқылы 650 000 теңге көлемінде қаражат жиналған болатын. Мұқай Балауса есімді қаракөздің екі аяғын тең басып жүруі үшін протез алуына 1 000 000 теңге қажет болған. Жетпеген қаражатқа Жасұлан есімді кәсіпкер азамат демеушілік көрсетуде.
Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан 1 000 000 теңгенің сертификатын табыстап, Балаусаға сәттілік тілеп батасын берді.
«Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен жандарға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі