ТІГІН КУРСЫ ТҮЛЕКТЕРІ СЕРТИФИКАТ АЛДЫ
Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қоры мен “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Бір кәсіпті меңгер” тігін курсының алғашқы түлектері шықты.
Игі шараға қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, Алматы Орталық мешіті жанынан ашылған тігін курсын аяқтаған түлектерге тігінші квалификациясы мен 10 000 теңге көлемінде азық-түлікке сертификат табыстады. Айта кетсек, тігін курсының түлектері алғашқы жетістігі ретінде өздеріне жаздық көйлектер тігіп, қорытынды кезеңде киіп келді. Сондай-ақ, бас имам Төлеби Дәділұлы жаңадан тігін курсына келушілерге сәттілік тілеп, батасын берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі