АЛМАТЫ: 3 ЖСШ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Алматы қаласы бойынша бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері халал сертификатына ие болды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен өкілдіктің Халал даму бөліміне жауапты маманы Маратхан Мұхтарханұлы бүгін Орталық мешітте бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдарына халал сертификаттарын табыстады. Атап айтсақ "Almaty cakes" тауар белгісі "Happy cake" кондитерлік өнімдері ЖШС, "Microhim" дезинфекция және жуғыш заттар ЖШС, "Алтын Сақа 2003" ЖШС қасапханасы халал стандарттарына сай деп табылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі