"ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Түрксіб аудандық "Фирали Ферғанұлы" мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы 50 отбасына азық-түлік қоржынын үлестірді.
Жақсылықта жарысуда жамағат бірлігі мен көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын беруді әдетке айналдыраған дін қызметкерлері күнделікті тұтынатын азық-түлікті көп балалы аналарға таратты. Мешіттің бұл игі қадамдарына риза болған аналар қауымы ұжымға аналық алғыстарын жаудырып, қайырымдылық шарасына атсалысқан барша дін қызметкерлеріне ыстық ықыласы мен ризашылығын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі