АЛАТАУ АУДАНЫНДА "БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ" ТАРАТЫЛДЫ
Алатау аудандық "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен Алғабас мешітінде "Балаларға базарлық" атты іс-шара өтті.
1-маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған игі шара барысында балаларға 100 тәттілер салынған сыйлықтар таратылды. "Айтулы мерекенің мақсаты балаларға ерекше қуаныш сыйлап, жүрегіне Алланың үйіне деген жақсы пікір мен көңіл-күй қалыптастыру. Дәстүрлі ислам аясында мешіттен өнегелі тәрбие алуына септігін тигізу болып табылады", - дейді ұйымдастырушылар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі