АЛАТАУ АУДАНЫНДА САУАТ АШУ ЖАЛҒАСУДА
Алатау ауданы мешіттерінде діни Сауат ашу курстары жалғасын табуда.
Жыл басынан бері аудан бойынша мешіттерде әртүрлі жастар арасында діни сауат ашу курстарына тіркелушілер саны 250-ден асты. ҚМДБ тарапынан бекітілген мешіт ұстаздары шәкірттерге Құран әліппесі, Құран Ережелері және Құран оқып жаттау бағыттары бойынша тиянақты дәрістер жүргізуде. Діни оқу-білімге ынталандыру мақсатында ұстаздар аянбай еңбек етуде.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі