«ЖАРАТУШЫ СЫЙЛАҒАН ОРАМАЛ» РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Әбу Бәкір» мешітінде қыз-келіншектерге арналған рухани кеш өтті.
Соңғы жылдарда, ақпан айының басында еліміздегі әйел жамағатының арасында бас қосып шариғат шәлісін дәріптейтін бір үрдіс жалғасын табуда. Осыған орай Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Әбу Бакір» мешітінде әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Жаратушы сыйға тартқан орамал» атты іс-шара өтті.
Аталмыш шарада дініміздегі асыл аналардан қалған үлгі-өнегелерді дәріптеп ұстаз Айгерім Ерланқызы сөйледі. Сондай-ақ, келген қонақтар арасында түрлі викториналық сұрақ-жауаптар және видео-роликпен қатар қызықты-танымдық ойындар ұйымдастырылды. Жиналған нәзік жандыларды орамалмен оранудың заманауи сан түрлі үлгілерімен таныстырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі