«ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алатау аудандық мешітерінің дін қызметкерлері мен ұстаздарына семинар өткізілді.
«Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев бастамасымен Алатау ауданына қарасты 15 мешіттің наиб имамдары, ұстаздары мен азаншы қызметкерлерімен бас қосты. «Діни тұрақтылық - ел тыныштығы» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, ел тыныштығы үшін игі шаралар атқару мен қала халқының рухани дамуына үлес қосудағы алғышарттар туралы сөз қозғалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі