АЛМАТЫ: 100 000 АДАМҒА СУ МЕН ҚҰРМА ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы күндері қала көшелерінде 100 000 адамға су мен құрма таратылды.
Рамазан айының келуімен құттықтау мақсатында "ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!" деген атпен қала көшелерінде алғашқы күні Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен 25 тонна су мен 2 тонна арнайы Меккеден алдырған құрма 100 000 адамға үлестірілді. Бұған қала мешіттерінің де дін қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылды. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі