ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ЖАҢА ҰСТАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы мешіттеріне жаңа әйел ұстаздар тағайындалды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығын бітіріп, қала мешіттеріне қызметке тағайындалған әйел ұстаздармен кездесті. Бас мүфти бұйрығымен таныстырып, «Сендердің ең жақсыларың құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», - деген хадиске сай, ілім-білімдерін шәкірттер жүрегіне дән етіп егетін білікті ұстаз болуларына сәттілік тіледі.
Бас мүфти бұйрығымен Смағұл Қамария «Дархан» мешітіне, Мұсаева Шахноза «Нәби» мешітіне, Күлшікова Айтолкын «Алматы Орталық мешітіне», Тұрсынғазы Перизат «Абдулла» мешітіне тағайындалса, Әбіқаева Айткүл «Омар ибн Хаттаб» мешітінде ұстаздық қызметін атқаратын болады. Алла Тағала талапты ұстаздың талантты шәкіртімен мақтануын жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі