БАС ИМАМ ҚОНАЕВ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Бүгін қасиетті жұма күні Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алатау аудандық "Д.Қонаев" мешітінде жұма уағызын айтты.
Қаланың бас имамы адамзаттың пайдасы үшін баяндалған үкімдердің бірі – некелесу жайлы ғибратты әңгімелер айтып, Жаратушы Алла Тағала адам баласын бір ер, бір әйелден жұп етіп жаратуы мен адам баласының ұрпағы некелесу арқылы жалғасатыны жайына тоқталды. Ақ некенің мәні мен мағынасы жайлы әсерлі уағыз соңынан жамағатпен жұма намазы оқылып, шаңырақ шайқалмасын деп бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі