АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНЫ ТАЗАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АС ТАРАТТЫ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағытын күшейту мақсатында Алатау ауданында "Әр аптаға бір бағыт" іс-шарасын өткізуді қолға алған болатын.
Өткен аптада Қоғаммен байланыс, оның ішінде Халал даму бөлімі бойынша семинар өткізілген болатын. Бүгін "Мәдениет" мешітінің бас имамы Саттарқұл Сатиұлының ұйымдастыруымен аудандық жастар ісі бөлімінің жауапты маманы Мұхаммедсали Мұхаммедсақиұлы жылдық жоспар аясында ерікті жастар жамағатымен бірге "Алғыс күніне" орай қаладағы қоғамдық орындарда тазалық қызметін атқарып жүрген жандарға түскі ас пен "Рахат" тәттілерін таратты. Жаратқан Алла тазалық жұмысшыларының өлшеусіз еңбегіне жеміс, отбасыларына береке берсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі