АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Алматы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Сұлтан қорған" мешітінде семинар өткізілді.
Алматы қаласының дін істері басқармасының қолдауымен және “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен мешіттің әйел жамағаттарына " Отбасы құндылығы" тақырыбында семинар өтті. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, Орталық мешіттің ұстазы Гүлмира Ілесбайқызы мен дінтанушы-журналист Айша Кеңесбай әйел жамағатқа отбасының құндылығы жайында уағыз айтты. Жиналған әйел жамағаты көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Шаңырағын шайқалтпай, түтінін түзу ұстауды мақсат тұтқан әйел қауымы үшін өзекті болған тақырып қызықты да мағыналы, әрі жан-жақты талқыланды. Семинарға қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі