АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ 90 ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫН ШЫҒАРДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы Орталық мешіт шәкірттерінің Құран хатым батасын шығаруына қатысты.
Алматы Орталық мешітінде әйел-қыздар жамағатынан құралған шәкірттер тегін дәрістер алуда. Құран әліпбиі, иман шарттары, намаз оқудан бастап, фикһ, ақида негіздерінен де білім көкжиегін дамытып жүрген әйел-қыздар жамағаты кезекті Құран хатым дұғасын жасады. Орталық мешіттің әйел ұстаздарынан дәріс алушы әйел-қыздар жамағаты тұрақты түрде Құран хатым оқып отырады. Бүгінде 90 Құран хатым дұғасы шығарылып, бас имам Төлеби қажы Дәділұлы батасын жасады. Құран хатым дұғасында бас имам елімізге амандық, қаламызға тыныштық пен ынтымақ тіледі. Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің байрағы мәңгі желбіреп, асыл дініміз өркендей беруін тілеген шәкірттер де қол жайып бата жасады.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі