АЛМАТЫ: ҚҰРАН КӘРІМДІ БРАЙЛ НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен әйел жамағаты шәкірттері зағип жандарға арналған Брайл нұсқасы бойынша Құран Кәрімді оқып үйрену курсын тәмамдады.
Брайл нұсқасын жасау аппаратын арнайы Санкт-Петербург қаласынан алдыртты. Ал Құран Кәрімді Түркия елінен блогер Балқия Балтабай жеткізіп беруге демеушілік жасады. Хұмарбек Айнұр ұстаз жетекшілік еткен 2 айлық курста арабша, қазақша, орысша, түрікше, әріптерді толық тәжуид ережелерімен және зағип жандармен жұмыс жасауды меңгеріп шықты. Курс қорытындысы бойынша брайл нұсқасымен Құран Кәрімді оқыту маманы екенін растайтын сертификат табысталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі