АЛМАТЫ: ЕКІ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ
"Зекет және қайырымдылық" қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2 отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде берілді.
Алатау ауданы дін қызметкерлерінің тікелей атсалысуымен "Ел үлесі - пәтерге" жобасы аясында Республика бойынша 577-578 ші, Алматы қаласы бойынша 18-19 шы баспана кілттерін ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы және Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлы табыстады.
Бірі Алатау ауданы "Ер Жәнібек" мешіті жанынан мешіт имамына қызметтік баспана болса, екіншісі мұқтаж Закенов Ернұр Оралханұлына Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы, Кемертоған ауылынан жеке үй тұрғызылып берілді.
Наиб мүфти үй иелеріне ақ тілектерін айтып, батасын берді. Баспаналы болған отбасылар қамқор жандар мен демеушілерге алғыстарын жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі