"ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА" ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында Жансая Байназованың еміне 400 000 теңге және Самал Қырықбаеваның жолдасының еміне және қарызынан құтылуына 400 000 теңгеден қаржылай жалпы 800 000 теңге көмек беріліп, дерттеріне Алладан шипа сұрап, дұға жасалынды.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі