АЛМАТЫ: НАИБ МҮФТИ ТҮРКИЯ КОНСУЛДЫҒЫНА БАРЫП КӨҢІЛ АЙТТЫ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Алматыдағы Түркия Республикасының консулдығына барып көңіл айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бауырлас Түрік елінің оңтүстік шығыс аймағында орын алған зілзала апатынан қаза тапқан және зардап шеккен отбасыларына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді. «Біз түбі бір түркі бауырлас халықпыз. Сондықтан әрдайым сіздермен біргеміз. Қиын-қыстау кезеңде атажұрттан ыстық ықылас пен қолдау білдіреміз», - деп Бас консулға жылы лебіз танытты. Сонымен қатар наиб мүфти көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі