Алматы Орталық мешіті жанындағы шеберхана тігін курсына шақырады
Алматы Орталық мешіті жанынан құрылған «Тігін» шеберханасы тігіс тігіп үйренемін, ісмерлік қабілетімді шыңдаймын деген қыз-келіншектерді тегін тігін курсына шақырады.
Бір айлық шеберлік курсын өз мамандығын жетік меңгерген тәжірибелі маман жүргізіп, үйретеді.
* Тігін курсының ұзақтығы – 1 ай;
* Курс бітірген түлекке сертификат табысталады;
* Қосымша азық-түлік себеті беріледі;
* Курсты жақсы бітірген түлекті жұмысқа қабылдау мүмкіндігі бар.
Анықтама телефоны: +7 777 066 60 06 (Ләззат апай)
(Курсқа алдын ала жазылу қажет)