АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ "ШАПАҒАТ" МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Алматы қаласы Дін істері басқамасының жанынан ашылған кеңес беру және оңалту орталығының директоры, Алматы Орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді «Шапағат» медалімен наградталды.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 25 қазан Республика күні мерекесіне орай өткізілген іс-шарада бірқатар мәдениет және қоғам қайраткерлеріне салтанатты түрде мемлекеттік наградаларды табыстады. Ұлттық мереке қарсаңындағы марапаты үшін ұстаз Руслан Қайыргелдіні Алматы Орталық мешіті ұжымы атынан құттықтаймыз! Дін жолындағы еңбегіне Алла күш-қуат берсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі