АЛМАТЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Рамазан қоржыны" атты қайырымдылық шарасы өтті.
"Зекет және қайырымдылық" қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен және small сауда желісінің демеушілігімен, "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ" қайырымдылық сертификаты 100 мұқтаж отбасына табысталды. Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы келген халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, демеушілік білдірген 'small' сауда желісіне алғысын білдірді. Тұтқан ораза мен зекет-садақаларыңыз қабыл болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі