АЛМАТЫ: "ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 30 ХАДИС" КІТАБЫНАН САЙЫС ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Түрксіб ауданына қарасты "Абдулла" мешітінде әйел-қыздар арасында сайыс өтті.
Жас қанат ықшам ауданындағы "Абдулла" мешітінде ұстаз Гүлмира Ілесбайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында жарыс өткізілді. Сайыс талабы Асқар Әкімхановтың «Жастарға арналған 30 хадис» кітабын толықтай оқып, сұрақ-жауаптар алмасу. әйел-қыздардан құралған "Жәннат гүлдері" және "Зерде" тобы сайысқа түсті. Ең кішкентай қатысушы 9 жасар Жасмина Жеңісқызы кітапты толық оқып, кітап бойынша хадистерді жаттап алған. Сайысқа түскен екі топ мүшелері де хадис жаттап, мағынасын кең түсініп, мазмұнын ашты. Қатысушыларға шара соңында сыйлықтар үлестірілді. Жастар зейініне пайдалы да әсерлі өткен игі шаралар алдағы уақытта да мешіттерде жалғасын табады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі