АЛМАТЫ: ЖҰМАДАҒЫ ПӘТУӘ САҒАТЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынған болатын. Кезекті пәтуа сағаты қала мешітерінде жалғасты.
Алматы қаласы мешіттерінде әр жұма намазынан кейін қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті пәтуа мамандарынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап алып жатыр. Медеу ауданы "Омар ибн аль Хаттаб" бастау алған іс-шара Бостандық ауданы "Байкен" мешітінде жалғасқан болатын. Кезекті пәтуә сағаты 12 қараша күні Жетісу ауданы "Әл-Мадина" мешітінде өтіп, жұма намазынан соң жамағат сұрақтарына жауап берілді. Келесі жұма 19 қарашада Алатау ауданы "Дінмұхаммед Қонаев" мешіті жамағатымен кездесу болды. Екі сағатқа жуық сұрақ-жауап беріліп, 100-ден астам сұрақ қойылды. Жамағат көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар "Фатуа кз" сайтында шығып жатқан жаңа пәтуалар таныстырылды. Атап айтқанда Аффирмация жасау дұрыс па?, Форекспен айналысу, Гив ойнату, Әйел күйеуінің тегіне өтуі, Банк карточкасын қолдану, Некені онлайн қиюға бола ма? осы секілді трендте тұрған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Айта кетейік бұл бастама қала бойынша мешіттерде алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі. Пәтуа сағаты алдағы жұма күні "Ақсай" мешітінде жалғасын таппақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі