АНА МЕН БАЛА ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасында Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Сыздықов Майра Тұрсынова мен қызы Үсенова Мөлдір және немересі Үсен Еріктің емдеріне 300.000 теңге қаржылай сертификаттарын табыстады. Дертіне шипа сұрап, дәрі-дәрмек қаражатына мұқтаж болып жүрген ана имамдар мен демеуші жандарға зор алғысын білдірді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!