БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында шаһардың белсенді жастарымен кездесуге қатысты.
Ел Президенті жастарға қатысты нақты өзінің бағыт-бағдарын айтқан болатын. Бас мүфти оңтүстік астана жастарымен еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуде жастардың білімдері мен күш-жігерлерін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді. Шара барысында белсенді жастармен сұрақ-жауаптар алмасып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде татулық пен бірлікке бастауға шақырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі